Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Студенттеріміздің ғылыми конференциялардағы жеңістері

Студенттеріміздің ғылыми конференциялардағы жеңістері

04 Мамыр 2017

2017 жылдың 26 сәуірінде Қазтұтынудағы Қарағанды экономикалық университетінде «Заманауи әлем және жастар: көзқарастар мен даму диалектикасы» студенттер мен магистранттардың  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. ҚММУ 1-032 ЖМ топ студенті М.Назарова «Ұлт тілдері мен шет тілдерінің заманауилық жағдайда дамуы» секциясында үшінші орынға (ғылыми жетекші – шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы О.Н. Сорокина), сонымен бірге 1-035 ЖМ топ студенті А.Акимова «Әлеуметтік-гуманитарлық мәселелер: жай-күйі және шешу жолдары» секциясында үшінші орынға иеленді (ғылыми жетекші – шет тілдер кафедра аға оқытушысы О.И. Левина).

 2017 жылдың 28 сәуірінде «Болашақ» академиясының негізінде «Жастар және қазіргі әлемдік мәселелер» атты студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғылымдар  республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Біздің университетіміздің  атынан 2-003 СТОМ топ студенттері М.Аюбова мен Е. Батажева (ғылыми жетекші – шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы О.В. Калинкина),  2-043 ЖМ топ студенті Т.Серикбаев (ғылыми жетекші – шет тілдер кафедра аға оқытушысы О.И. Левина) және 3-002 ФАРМ топ студенті Е.Попова (ғылыми жетекші – шет тілдер кафедра аға оқытушысы Р.С. Жаликенова) қатысты. Студенттер белсенді қатысқандары үшін грамоталармен марапатталды.

ҚММУ шет тілдер кафедрасы конференцияның барлық қатысушыларын  Университетіміздің атынан шығып, жақсы нәтиже көрсеткендері үшін құттықтайды және көп табыстар тілейді. 


0
6258

пікірлер

пікір қалдыру үшін.