Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясындағы академиялық ұтқырлық

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясындағы академиялық ұтқырлық

02 Мамыр 2017

13. 04. 2017 ж. – 26. 04.2017 ж. аралығында академиялық ұтқырлық аясында тамақтану гигиенасы, жалпы гигиена және экология кафедрасының доценті Кымбат Ералиевна Амреева Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясына барып қайтты.

Академияда ол «Тағам гигиенасы» пәнінен 4-курс МПІ  студенттеріне күнтізбелік –тақырыптық жоспарға сай (90 сағат) сабақтар өткізді.

Сонымен қатар, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамына «Тағамдық азық-түліктердегі ксенобиотиктер» тақырыбында семинар сабағын және студенттердің ғылыми ақпаратты өз беттерінше іздену мен ойлау дағдыларын қалыптастырып жаңа әдістердің бірі RBL (Research Based Learning) ғылыми – бағдарлы оқыту әдісіне семинар өткізді.

Академиялық ұтқырлық шеңберінде  ПОҚ-мен көптеген тәжірибелермен алмасып, белсенді оқыту әдістемелерін қолдану өте тиімді екендігіне көз жеткізе білді. Медициналық жоғары оқу орындарында осындай академиялық ұтқырлық шеңберінде оқытушылардың тәжірибелерімен алмасуы оң нәтиже береді.


0
5664

пікірлер

пікір қалдыру үшін.