Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ғылымға бастар жол

Ғылымға бастар жол

28 Сәуір 2017

2017 жылдың 12 сәуірінде Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде халықаралық деңгейдегі “ Ғылым әлемі және жастар: тенденциялар мен жаңа мүмкіншіліктер” атты ауқымды конференция өткен болатын. Аталмыш конференцияға университетіміздегі ағылшын тілінде білім беретін “Гистология” кафердасының белді де беделді ұстазы Маусым Жақсыбеккызының  студенттері белсене қатысты. Бұл шараның жоғарғы деңгейде өтуіне студенттердің өз жобаларын ағылшын тілінде қорғап, ойларын ортаға салуы үлкен септігін тигізді. Атап айтар болсақ: Акназарова Жадыра, Исатай Сания, Сыздыкова Аяулым – 3003 тобы; Ракымжан Нұржанат, Мамарахим Арайлым- 3002 тобы; Олжас Бузанов, Айтбек Cамат, Жумашев Санжар; Иманбаева Айгерим, Кузаирова Гульназ, Жумабаева Асем- 3053тобы; Самота Шраван, Чоудхари Махеш- 2013а тобы; Абдул Васим – 2014а тобы. Жоғарыда көрсетілген студенттердің білімге, әр түрлі зерттеу жұмыстары мен ірі жобаларға деген қызығушылығын, құштарлығын арттырып, ғылым әлеміне кең қанат серпуге көмек көрсеткен, жетекшілік жасап шәкірттерінің білім деңгейінің едәуір жоғарылауына зор үлес қосқан бірден-бір жан М.Ж.Алиева болды. Бұл жиын “Гистология ” кафедрасының университет қабырғасында ғана емес, халықаралық көлемдегі жасаған үлкен қадамы болып, ордалы оқу орнымыздың мерейін үстем етті . Конференция  барысында ізденімпаз студенттер өзара пікір алмасып, мол тәжірибе жинады. Санаға сіңірген ойлары мен бойға дарытқан тәжірибелері келешекте өз салаларында нәтиже көрсетуге себеп болатынына сенім мол.

Ж.Р.Акназарова 3-003тобы ЖМжәнеС факультеті


0
5874

пікірлер

пікір қалдыру үшін.