Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жас ғалымдардың жетістіктері.

Жас ғалымдардың жетістіктері.

21 Сәуір 2017

Жас ғалымдардыңжетістіктері.

2017 жылдың 12 сәуірінде университеттіміздің қабырғасында Қазақстан Республикасының Ғылым күніне арналған «Ғылым әлемі және жастар: тенденция және жаңа белестер» атты жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық конференциясыөтті. Халықаралық конференцияны ҚММУ Стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор, м.ғ.д., Тұрмұхамбетова Анар Ақылбекқызы салтанатты түрде ашып, жас ғалымдардың ғылыми инновациялық зерттеулердің медициналық ғылымнда маңызды мәселелерін шешудегі ерекше орнын атап өтті.

«Медицина» жас ғалымдардың секциясында Патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының «Медицина» мамандығы бойынша ІІ курс магистранты Нығызбаева Райхан Жаксылыковна қатысып, «Өкпе саркоидозы мен туберкулездің даму кезеңдеріне байланысты гранулеманың дифференциальді диагностикасының морфологиялық критерилері» тақырыбы бойынша  баяндама жасады. Өкпе саркоидозымен туберкулезі кезіндегі патологиялық бейнесінің макро-, және микроскопиялық өзгерістері түрлі- түсті фотосуреттермен көрсетіліп, меншікті материалдардың таныстырылымы нақты және түсініктілігімен ерекшеленді.  Осы секцияда «Ең үздік баяндама» деген номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.

Модераторлары: онкология кафедрасының оқытушысы, доктор PhD, В.А. Жумалиева; физиология кафедрасының оқытушысы, доктор PhD, И.А. Кадырова. Жас ғалымдардың баяндамалары анық және қызықты мазмұндалып, тақырыптарының өзектілігімен, ақпараттығымен ерекшеленіп, тыңдаушылардың қызығушылығын танытты. Қатысушылар және жас ғалымдар үлкен қызығушылық танытып, өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойды.

  Белсенді қатысқаны үшін барлық баяндаушыларға сертификаттар беріліп, өз секцияларында ерекше көзге түскен баяндамалар марапатқа ие болды.

Патологиялық анатомия және

сот медицина кафедрасының

«Медицина» мамандығы бойынша 

PhDдокторанты Л.М. Стабаева 

0
6195

пікірлер

пікір қалдыру үшін.