Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
IMEC – 2017 ТАМЕ жобасы

IMEC – 2017 ТАМЕ жобасы

19 Сәуір 2017

2017 жылдың 7-9 сәуірінде Куала – Лумпур (Малайзия) қаласында медициналық білім бойынша «Health Professions Education without Borders» (IMEC - 2017) атты халықаралық конференция өтті. Конференцияға 32 елден ғылым өкілдері қатысты:Ұлыбритания, Австралия, Ирландии, Индонезия, Жаңа Зеландия. Аз топтарда оқыту, стандарттық пациент, фасилитаторлық оқытудың белсенді түріне көбірек назар аударды. OSCE-де білім алушының маңызды бағалау дағдысы қарастырылды. Рональд  Харден (Ұлыбритания) Медициналық білім беруде интернациоландыру маңыздылығын басты назарға алды, «import - export» моделінің негізінде инновациялық тәжірибелермен бөлісті. Австралияның ғылымдары тиімді оқытудың екі моделін көрсетті: студенттерді оқытудағы «бірге бір» оқытуының нәтижелерін және сонымен қатар студенттерді қашықтықтан оқытудың нәтижелерін.

Біздің университет 2 постерлік баяндама көрсетті (Д.Ж. Тайжанова, Б.Т. Тукбековa) және  e –poster (А.А. Кельмеляне).

№2 балалар ауруы кафедрасының меңгерушісі Б.Т.Тукбекова “Technology Enhanced Learning (TEL)” атты постерлік сессия жұмысына «Adaptation of pediatric cases in the international project “Teaching against medical errors (TAME)”» тақырыбындағы баяндамасымен қатысты. Көрсетілген ақпарат мазмұны  OpenLabyrinth арнайы компьютерлік бағдарламасының көмегімен жасалатын бала жастағы вертуалды пациенттердің кейстері негізіндегі оқытудың нәтижелері жайында. 

Жобаның негізгі мақсаты білім алушылардың құзыреттілік кілтін дамыту: клиникалық, аналитикалық дағдылар, командамен жұмыс және оларды медициналық қателіктерді жібермеу үшін нақты тәжірибелік қызмет жұмыстарына даярлау.  

А.А. Кельмялене постерлік баяндамасында кредиттік технология бойынша e-learning қолдана отырып, Moodle вертуалді білім беру базасында ««БИОЛОГИЯ» БАКАЛАВРИАТ ПӘНІ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚЫТУШЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»  тақырыбы бойынша молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының білім беру тәжірибелерінің сараптама қорытындысын көрсетті. 

0
6212

пікірлер

пікір қалдыру үшін.