Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
№ 63,59 ЖББОМ КММ және «Назарбаев Зияткерлік мектеп» түлектерімен шет тілдер кафедра оқытушыларының кәсіби бағдар беру жұмысы.

№ 63,59 ЖББОМ КММ және «Назарбаев Зияткерлік мектеп» түлектерімен шет тілдер кафедра оқытушыларының кәсіби бағдар беру жұмысы.

18 Сәуір 2017

2017 жылдың 13,14 және 15 сәуірінде шет тілдер кафедрасының оқытушысы С.Х.Әлкен № 63,59 ЖББОМ КММ және «Назарбаев Зияткерлік мектеп» түлектерімен кәсіби бағдар беру жұмысын өткізді. Оқушыларға университет құрылымы, факультеттері мен мамандықтары, кафедраның оқу-материалдық қорлары, ҚММУ студенттерінің бос уақытын ұйымдастыру туралы толық ақпарат ұсынды. Университеттің құрылу тарихымен және жоғары білікті мамандарды даярлаудағы жетітіктерімен таныстыру мақсатында ҚММУ-дың 65 жылдығына орай бейнефильмі көрсетілді. Әңгімелесу барысында даярлаудың бағыты, университетке түсу және құжаттарды тапсыру туралы кеңестер берілді, ҚММУ жайлы үлестірме материалы таратылды. Оқушылар өздеріне қызықты сұрақтарды қойды, оқу үрдісінің ұйымдастрылуы және студенттік өмір жайлы, олардың қойылған  сұрақтарына толық жауап берілді.

Болашақ талапкерлермен кездесу соңында мектеп әкімшіліктері ҚММУ шет тілдер кафедрасының оқытушыларына ризашылықтарын білдіріп, болашақта бірлесе жұмыс істеу ниеттерімен бөлісті.  


0
5626

пікірлер

пікір қалдыру үшін.