Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Адам және дәрі-дәрмек – Қазақстан» X Халықаралық конгресі Клиникалық тәжірибедегі жоғарғы медициналық терапиялық технологиялар

«Адам және дәрі-дәрмек – Қазақстан» X Халықаралық конгресі Клиникалық тәжірибедегі жоғарғы медициналық терапиялық технологиялар

14 Сәуір 2017

2017 жылдың 13 сәуірінде Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде «Адам және дәрі-дәрмек» X Халықаралық  Конгресі өтті. Университет қабырғасында өткен кезекті Конгресс – медицина және клиникалық практиканың түрлі саласындағы маңызды жетістіктер мен ғылыми тәжірибе алмасудың бірегей алаңқайы.

Конгресс жұмысында 600-ден аса адам қатысты: профессорлар, доценттар, оқытушылар, магистранттар, резиденттар, интерндар, Қарағанды облысы медициналық ұйымдарының дәрігерлері, Қазақстан мен Ресейдің спикерлері және ғалымдары.

Конгресте клиникалық тәжірибедегі жоғарғы медициналық терапиялық технологияларға басты назар аударылды, пленарлық отырыс, антибиотикрезистенттілік, пульмонология, гастроэнтерология, кардиология, неврология, аллергологияда науқасты жекелеп емдеу және диагностикасын талқылау бойынша сұрақтарын кең ауқымда қамтыған 4 сессия өткізілді.

Конгресс жұмысы медицинадағы өзекті мәселелерді шешуге, аурудың алдын алу, емдеу және диагностикада озық технологияларды қолдану тәжірибесімен алмасуға ықпал етеді.

Клиникалық жұмыс және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі


0
6194

пікірлер

пікір қалдыру үшін.