Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы

05 Сәуір 2017

2015 жылдың 16 қарашасында бекітілген №405-V (өз күшіне 2016 жылдың 16 наурызында енді) Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырылу туралы» Заңына сәйкес 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (әрі қарай – МӘМС) енгізу қолға алынды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі – бұл халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мүдделердің әлеуметтік қорғанысының мемлекеттік жүйесі.

МӘМС жүйеге қатысушыларға уақытылы, қолжетімді, сапалы медициналық және дәрілік көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

2017 жылдың 29-31 наурыз  аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің үйретушілері Г.С. Жұмабекова және Э.К. Кайдар Қостанай облысының медициналық мекемелерінің дәрігерлері үшін (98 адам) және басшыларына (26 адам) – денсаулық сақтау мекемелерінің бас дәрігерлеріне, орынбасарларына, бөлімше меңгерушілеріне, бас мейірбикелерге және қаржы  – экономикалық бөлім  қызметкерлеріне Қазақстан Республикасында МӘМС енгізу бойынша семинарлар өткізілді. Барлығы 124 адам оқытылды.

  Оқыту бойынша медициналық ұйымдардың басшылары арасында 3 күн (24 сағат), дәрігерлерге - 2 күн (16 сағат) өткізілді.

Семинарлар дәрістерді, ауызша сұрау тәжірибелік сабақтарын, тестілеуді және кері байланысты қамтыды.

Оқыту семинары жайлы және ынтымақтастық жағдайда өткізілді. Кері байланыс нәтижесінде тыңдаушылар ақпараттың қолжетімді, қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілгендігін белгілеп өтті.

  Үздіксіз кәсіби дамыту факультетінің деканаты

№2 Жедел және кідіріссіз медициналық көмек кафедрасы

№1 Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасы


0
5885

пікірлер

пікір қалдыру үшін.