Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Тағам биохимиясы: неліктен қантқұрамды тағамдарды артық қабылдау қауіпті» және «Инсулинрезистенттіліктің қалыптасуы және салдары»

«Тағам биохимиясы: неліктен қантқұрамды тағамдарды артық қабылдау қауіпті» және «Инсулинрезистенттіліктің қалыптасуы және салдары»

05 Сәуір 2017

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмыстары аясында биохимия және патологиялық анатомия кафедраларының оқытушылары мен бірінші жатақхана студенттері арасында «Дөңгелек үстел» түрінде кездесу болды. Кафедра оқытушылары «Тағам биохимиясы: неліктен қантқұрамды тағамдарды артық қабылдау қауіпті» және «Инсулинрезистенттіліктің қалыптасуы және салдары» тақырыбында  интерактивті әңгіме өткізді.

Қант көптеген тағамдар құрамында болатын негізгі компонент, алайда жеке өнім ретінде сирек қолданылады.  Адамдар тамақтанған сайын (шектеулерді есептемегенде) үнемі қантты қабылдап отырады. Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы барлық қабылданатын калориядан күнделікті пайдаланылған қанттың мөлшерін 5%-ға дейін қысқартуды ұсынады. Әңгіменің негізгі мақсаты тиімді тамақтану және салауатты өмір салтын насихаттау болды. Өйткені,  ««Қазақстан - 2050 стратегиясы»: кемелденген мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан  Республикасы Президенті – ұлт Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында «Салауатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып табылады»- деп айтылады. 

Кездесу кезінде инсулинрезистенттілік, гиперинсулинемия, қант диабетінің 2 түрі және семіздіктің медициналық және әлеуметтік аспектілері жайында қызу талқылау болды.  Қантқұрамды өнімдерді артық қабылдаудың салдары мен даму себептері және механизмі туралы айтылды. Инсулинрезистенттілік, гиперинсулинемия көріністері, негізгі белгiлерi қарастырылды. Инсулинрезистенттілікпен байланысты соматикалық және жүйелік белгілі көпке таныс бірқатар аурулар анықталды.  Патологиялық үдерістердің биохимиялық негіздері, инсулинорезистенттіліктің патологоанатомиялық шешімдерімен таныстырылды.

Инсулинрезистенттілік, гиперинсулинемия қант диабеті және семіздіктің алдын алу туралы сұрақтар көп болды. Сұрақ - жауап барысында тиімді тамақтану мен физикалық белсенділіктің  критерилері анықталды.

Кеш студенттерге бағыттылған тиімді тамақтану мен ұлттың  физикалық және әлеуметтік саулығы туралы ашық сұрақтармен аяқталды.

Биохимия және патологиялық анатомия кафедралары кешті ұйымдастыруға көрсеткен көмегі үшін  6-068 ОМ Н.Усеноваға алғысын білдіреді.


0
6019

пікірлер

пікір қалдыру үшін.