Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Достық кубогындағы» күміс

«Достық кубогындағы» күміс

04 Сәуір 2017

19 наурызда астанамыздың «Динамо» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының этно-мәдени бірлестіктері командалары арасында, «Достық Кубогі» шағын-футболы бойынша I Республикалық турнирінің ойындары болып өтті. Турнир «Астана қаласының өзбек этно-мәдени орталығы» 10 жылдығын және «Астана қаласының күні» 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде өтті.

  Іс-шара Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының Астана қ. Өзбек этно-мәдени орталығымен, «Дустлик» Қазақстан Республикасы өзбектер қоғамдық этно-мәдени ұйымдары Қауымдастығымен және ҚР ІІМ Астана қаласысының Ішкі істер департаментінің қолдауымен ұйымдастырылды.

  Жарысқа Алматы, Астана, Тараз, Шымкент және Семейден командалар қатысты. Қарағанды облысынан ҚММУ студенттік құрамы қатысты:

Абдижаббаров Шахзод (7-005 ЖМ) –команда капитаны;

Абдисаматов Хусан (6- 057 ЖМ);

Абдуманнатов Ойбек (6-121 ЖМ);

Иристаев Еркинжон (7-075 ЖМ );

Эргашев Хайрулла (7- 042 ЖМ);

Юсанов Илёсжон (4- 087 ЖМ);

Юнусов Зуфар (резидент);

Юнусметов Бунёджон (7-018 ЖМ ).

  Астана (ҚММУ-Астана 2:1), Тараз (ҚММУ-Тараз 4:2) командаларын жеңумен және Алматы (ҚММУ-Алматы 1:1) командасымен тепе-тең ойынмен, балаларымыз топта 1 орынға ие болды және жартылай финалға шықты, Семей (ҚММУ-Семей 3:2) командасымен теке-тірес ойын көрсетті. Финалда командамыз алаң иелеріне «Пойтахт» командасынан (Астана) жеңіліс тапты.

  Турнирдің қорытындысы:

  IIIорын – «Лошин» (Семей);

  IIорын – ҚММУ (Қарағанды);

  Iорын – «Пойтахт» (Астана).

Үздік қақпашы жүлдесін  Юнусметов Бунеджон (ҚММУ) алды, командамыздың капитаны Абдижаббаров Шахзод I - «Достық кубогының» үздік ойыншысы атанды.

  ҚММУ спорт клубы.


0
5975

пікірлер

пікір қалдыру үшін.