Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Бірге туберкулезді жеңеміз

Бірге туберкулезді жеңеміз

04 Сәуір 2017

17 наурызда Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім «INSIGHT» пікірталас клубымен бірлесіп №1 жатақханада «Бұл палата халық арасында туберкулездің таралуын тоқтатады» зияткерлік-танымдық ойынын өткізді.

  Туберкулездің таралуымен күрес қазіргі қоғамның өзекті мәселесі. Талқылау барысында студенттер осы мәселені шешудің өз әдістерін ұсынды. Ұсыныстар арасында дебатшылар болашақта өздері пайдалана алатын қызықты идеяларды назарға алды.

  Ойын ақпараттық және қызықты болды: студенттер сұрақтардың тек саяси  аспектілерін  ғана емес, ауру патогенезі, туберкулезге қарсы препараттардың тиімділігі, эпидемиялық жағдай  және т.б.  мәселелерді қарастырды.

  Кездесу дәстүрлі қол алысумен аяқталды. Осы секілді форматтағы іс-шараларды өткізу еліміздің болашағына бей-жай қарамайтын адамдарды тәрбиелеу үшін қажет.

  Фисенко Игорь (4-081 ЖМ)

 «INSIGHT» пікірталас клубының жетекшісі


0
5678

пікірлер

пікір қалдыру үшін.