Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ресей ғылыми-практикалық «Жұқпалы аурулардың өзекті мәселелері» конференциясы.

Ресей ғылыми-практикалық «Жұқпалы аурулардың өзекті мәселелері» конференциясы.

31 Наурыз 2017

2017 жылы 1-3 наурызда Санк-Петербург қаласындаресейлік ғылыми-тәжірибелік «Жұқпалы аурулардың өзекті мәселелері» конференция сыөтті. Конференция ұйымдастырушылары: «РФ Денсаулық сақтау министрлігі», «Федералдық медициналық-биологиялық агенттігі», «Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекеме» «Федералдық медициналық-биологиялық агенттігінің балалар жұқпалы ауруларды зерттеу орталығы», «Санкт-Петербург денсаулық сақтау комитеті», «Адам және оның денсаулығы» Санкт-Петербург қоғамдықұйымы», «Санкт-Петербург және Ленинград облысының жұқпалы аурулар мамандар қауымдастығы» халықаралық қоғамдық ұйымы», «Жұқпалы аурулар Еуропалық-Азиялық қоғамының» халықаралық қоғамдық ұйымы.

Конференция ғақатысқандар Қазақстаннан, Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан дәрігерлер, клиникалықординаторлар, интерндер, магистранттар, студенттерболды.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті атынан Жалпы Медицина және стоматология факультетінің 4-курс студенттері 4-089 топ Шауменкулова Фариза, 4-077 топ Бейсен Нұрайым «Қарағанды облысындағы ЖРВИ және пневмония бойынша 2012-2016 жылдар арасындағы эпидемиологиялық жағдай» атты тақырыпқа постерлік баяндама жасады.

Ғылыми жетекші: ҚММУ балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, профессор, академик РЖА Р.Х.Бегайдарова.

Конференцияның сонында қатысушылар Ресейғылыми-практикалық «Жұқпалы аурулардың өзекті мәселелері» конференциясына қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті ректоры, профессор Р.С.Досмағамбетоваға және біздің ғылыми жетекшіміз Р.Х.Бегайдароваға, халықаралық конференцияда қатысуға мүмкіндік бергені үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.


0
6222

пікірлер

пікір қалдыру үшін.