Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Көктем мерекесі – Наурыз

Көктем мерекесі – Наурыз

31 Наурыз 2017

2017 жылдың 16 наурызы күні Анатомия кафердрасында Наурыз мейрамына арналған салтанатты шара өткізілді.

Кафедра ұжымының өзара ынтымақтастығы мен бірлігінің нәтижесінде іс-шара өте жоғары деңгейде өтті.

Кездесу тақырыбына сай залды безендірген студенттердің арқасында залдағы атмосфера мерекелік, көңілді болды. Кафедра ұжымы іс-шараны ұйымдастыруға үлкен қолдау мен көмек көрсетті.

Іс-шараға белсенді түрде қатысып,өз өнерлерімен бөліскен ЖМ және стоматология факультетінің 1, 2, 3 курс студенттерін ерекше атап өту қажет.

Анатомия кафедрасы «Абай ауылын» таныстырып, қазақтың ұлттық дәстүрі «Тұсау кесерді» көрсетті.

Кафедра меңгерушісі Н.Н.Наурызов барлық залдағы қонақтарды «Наурыз» мерекесімен құттықтап, іс-шара ұйымдастырушылары мен қатысушыларына алғысын білдірді. Іс-шараның қорытындысы ретінде шақырылған «Наурыз» әнінде оқытушылар мен студенттер арасындағы ұрпақтар сабақтастығы мен ынтымақ анық байқалды. 


0
5872

пікірлер

пікір қалдыру үшін.