Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ регбишілері «Есіл кубогының» вице-чемпионы

ҚММУ регбишілері «Есіл кубогының» вице-чемпионы

31 Наурыз 2017

Регбиден жыл сайынғы  III «Есіл  кубогы» Астанада, Есілдің қатқан мұзында болып өтті.  Турнир Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің ұйымдастыруымен өтті және «Уэльс күніне» арналды.

  Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан келген 12 команда турнирге қатысты.  Қарағанды облысынан ҚММУ Регби клубы қатысты.

Қазақстанда регбиді «Жаяу көкпаршылар» деп те атайды. Ойынның ережесі күшті күресті қажет етеді, сондықтан регбишілер өте жақсы физикалық дайындығымен, күшімен, шыдамдылығымен және күрескерлік мінезімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, регби – бұл нағыз ерлердің ойыны.

  Командалық рух пен жеңіске деген айрықша жігерімен ерекшеленген ҚММУ РК ойыншылары турнирдің қожайындары - Астананың регбишілеріне есе жіберді.

  «Финалдан кейін астаналықтар Қарағанды секілді қайтпас  қарсыластың болғанына қуанатындықтарын айтты. Әзірге біз екіншіміз, бірақ біз еліміздің чемпионатында көшбасшыларға есе қайтаруға міндетті түрде тырысатын боламыз», - деді  ҚММУ РК капитаны және жаттықтырушы ойыншы Заңғар Естаев.

 

  ҚММУ спортклубы


0
5783

пікірлер

пікір қалдыру үшін.