Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы

29 Наурыз 2017

2017 жылдың 22 наурызында біздің Қарағанды медицина университеті Қарағанды қаласының Наурыз мейрамына арналған шараларына қатысты.

Университет қазақ ұлттық мәдениетінің барлық элементтері көрсетілген киіз үй дайындады. Киіз үйді даярлау, ұлттық тағамдарды және тәтті тағамдарды дайындауға профилактикалық медицина,  биология және фармация факультетінің 16 кафедра ұжымы, кәсіподақ комитетінің қызметкерлері және тұтынушылық  жұмыс департаментінің қызметкерлері белсенді қатысты.

Сол күні әрбір адам ҚММУ киіз үйіне кіріп, біздің қызметкерлердің өз қолымен дайындаған бай дастарханынан қазақтың дәстүрлі ұлттық тағамдарынан ауыз тие алды.

Көктемнің жаңару, татулық, сыйластық мерекесі ҚММУ ұжымының есінде қалатын мейрам болды.

Профилактикалық медицина, биология

және фармация факультетінің деканаты


0
6658

пікірлер

пікір қалдыру үшін.