Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Наурыз – жыл басы, жаңғыру мейрамы!

Наурыз – жыл басы, жаңғыру мейрамы!

27 Наурыз 2017

Елімізде Әз Наурыз мейрамын тойлау рәсімі басталды. Акушерлік және гинекология кафедрасында 7-001, 7-002, 7-003, 7-004 топ интерндерімен 17.03.2017 жылы дүбірлі мейрам ұйымдастырылып, жоғары деңгейде атап өткізілді.  Атаулы мейрамға арнайы қонақтар «Қалалық перинатальді орталық» дәрігерлері, сонымен қатар, кафедра қызметкерлері қатысты. Мерекелік бағдарламада қазақтың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері интерндердің жан-жақтылығын, ұшқын ойлылығын, актерлік шеберлігі мен таланттарын аша отырып, театрлық қойылым іспетті жарқын, әрі қызықты, болып көрсетілді. Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетілген мейрамда сыңғырлаған домбыра үні  жанды тербеп, терме шырқалып, жайылған мол дастархан - қонақтар көңілін бір серпілтті. Әз Наурыз мейрамында  көктемнің жылуын сезбеген жан болмады. Біз Акушерлік және гинекология кафедрасында Наурыз мейрамының дәстүрі мен салтын сақтап, қастерлейміз. Наурыз мейрамы қоржынына біздің кішкене ғана көрсеткен мерекеміз бүкіл Қазақстан тойлайтын мейрамның бір бөлшегі болады деген ниеттеміз!

Наурыз мейрамы құтты болсын! ҚММУ профессорлік - оқытушылар құрамын, қызметкерлерін және студенттерін шын жүректен  құттықтаймыз!


0
6104

пікірлер

пікір қалдыру үшін.