Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы

18 Наурыз 2017

Наурыз мейрамы қарсаңында университетіміздің № 2 студенттер жатақханасы ғимаратында № 2 жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының «Қош келдің, әз-Наурыз» - атты мерекелік шарасы өтті. Мерекелік іс-шараны өткізуге кафедра ұжымы мен жалпы медицина мамандығының 6-7 курс интерндері қатысты. №2 жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасымен ұйымдастырылған Наурыз мерекесіне – интернатура факультетінің деканы  В.Б. Ташкенбаева,ҚММУ Ардагерлер Кеңесінің төрағасы С.А Сартабаев, Жастармен жұмыс бөлімі бастығының орынбасары  Ф.А. Батиров, «Жалпы медицина» факультетінің декан орынбасары А.И. Такуадина ардақты қонақтар ретінде шақырылды. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған. 

Концерт жүргізушілері Қанаев Нұрсултан 6-100  және Исенова Диана 6-115 мейрам тарихы жайлы көптеген қызықты мәліметтерді көрермен қауымға жеткізді.Мерекелік іс - шара жақсы көңіл күйде жылы атмосферада өткізілді. Қонақтар құттықтау сөзімен шығып, өздерінің ыстық лебіздерін білдірді. Мереке Вохминова Дарья 7-086 және Дубовик Елена 6-111 орындауындағы қазақтың ұлттық биімен жалғасты. 6-102 және 6-103 топ интерндері «Ғажайыптар алаңы»  атты қызықты ойын ұйымдастырды. 5-006 топ студенті Тулеев Айдар орындауында «Ай-хай 25» атты әсем ән шырқалды. Базарбек Талжибек домбырамен Нұрғиса Тлендиевтің «Аққу» күйін  нақышына келтіріп орындап шықты. Мереке бағдарламасы интерндердің қатысуымен  «Тұсау кесу», «Құда түсу», «Сырға салу», «Қыз ұзату» ұлттық әдет- ғұрыптармен жалғасын тапты.Мерекелік іс-шара соңында кафедра меңгерушісі Гүлжан Жумағалиқызы  баршаны Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, қонақтар мен мерекеге белсене ат салысқандарға алғысын білдіріп, сыйлықтарын табыс етті.

Мерекелік безендірілген зал, құттықтаулар жазылған жарқын плакаттар әрбір келген қонақтардың көңілін көтерді.Барлық қонақтарды мол жайылған дастархан қарсы алып, қонақтар ұлттық тағамдардан Наурыз көже және еттен, бауырсақ, жент, құрт, қымыздан  дәм тартты.

№2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы


0
6292

пікірлер

пікір қалдыру үшін.