Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«№ 1 Ішкі аурулар» кафедрасының 7- курс интерндер арасындағы Research – basedlearning

«№ 1 Ішкі аурулар» кафедрасының 7- курс интерндер арасындағы Research – basedlearning

16 Наурыз 2017

2017 жылдың наурыз айының 9 күні «№ 1 Ішкі аурулар» кафедрасында «Жалпы медицина» мамандығының «Ішкі аурулар» бағыты бойынша 7- курс интерндері арасында Research-basedlearning әдісін қолдану арқылы жасалынған ғылыми жобаларды қорғау  өткізілді. Ғылыми жобалардың жетекшілері м.ғ.д., профессор Д.Ж. Тайжанова, м.ғ.к.,  профессор м.а., А.С. Толеуова,  доцент А.М. Жусупова,  м.ғ.к., доцент м.а.

Р.Ж.  Тойынбекова жоғары санатты кардиолог дәрігер А.Ш. Абдыгалимова  болды.

Интерндердің ғылыми жобаларының нәтижелері кардиологиядағы, эндокринологиядағы, нефрологиядағы, ішкі аурулардағы диагностикалық және фармакологиялық мәселерді қамтыды. Интерндер ғылыми зерттеулер жүргізудің дағдыларын, шыққан нәтижелерді таныстыру мен рәсімдеуді және топта жұмыс істей алу қабілеттерін жоғары дәрежеде көрсете алды.

Барлық ғылыми жобалар тыңдалғаннан соң, үздік жобалар анықталып, ғылыми жобаларды жақсарту мақсатында, сондай-ақ ғылыми конференцияларға шығуға және мақалаларды рәсімдеуге ұсыныстар берілді.

  Интерндер атынан ғылыми жетекшілерімізге және «№ 1 Ішкі аурулар» кафедрасының ұжымына ғылыми зерттеулерге қатысуға мүмкіндік туғызғандарына, сонымен қатар жаңа ғылыми жобаларды жасауға ынталандырғандарына шын жүректен шексіз алғысымызды білдіреміз!

7-019 топ терапевт интерні

Калимбетова Акерке


0
6149

пікірлер

пікір қалдыру үшін.