Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Білім және дағдылармен мәдениаралық алмасу

Білім және дағдылармен мәдениаралық алмасу

14 Наурыз 2017

Жаһандану заманында медициналық білім беру де бір орнында тұрмай жаһандана түсетіні айдан анық, соның көрінісі ретінде көптеген ғалымдар мен оқытушылар сыртқы академиялық ұтқырлық (мобильность) аясында Қазақстан Республикасынан тыс елдерде жұмыс істеуде. Академиялық  ұтқырлық  (мобильность) бағдарламасына қатысушы  ҚММУ оқытушылары университеттегі халықаралық сананы тасымалдаушы тұлғалар болып табылумен  қатар, олар халықаралық білім беру кеңістігіндегі қозғалысына, адам капиталының сапасының көтерілуіне,  инновациялық-білім беру ортасының дамуына, қазақстандық медициналық  білімнің бәсекеге қабілетті және  тартымды  болуына  ықпал етеді.

 Сыртқы академиялық ұтқырлық (мобильность) аясында 2017 жылдың 20 ақпаны мен 3 наурызы аралығында  ҚММУ балалар жасындағы стоматология мен хирургиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі Тулеутаева Светлана Толеуовна, «Балалар жасындағы стоматология» пәні бойынша және ҚММУ клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының доценті Кемелова Гулшат Сейтмуратовна  «Дәлелді медицина негіздері» пәні бойынша өздерінің оқу қызметін  Бұхара мемлекеттік медицина университетінде (Өзбекстан)  жүзеге асырды.

Екі апта бойы ҚММУ оқытушылары тақырыптық жоспар мен сабақ кестесіне сай дәрістік және тәжірибелік сабақтарды өткізді.  С.Т Тулеутаеваның балалар жасындағы стоматологияның өзекті сұрақтары бойынша оқыған мәселелі дәрістері стоматология бағытындағы кафедралардың оқытушыларымен қоса студенттерінің де қызығушылығын туғызды.  Г.С. Кемелова  клиникалық тәжірибеге дәлелді медицинаны кіріктіру, клиникалық сұрақтардың ақпараттық көздері мен анатомиясының мәселелері бойынша сабақтарды өткізді. Сабақ клиникалық кафедралар оқытушыларының  және студенттердің  үлкен қызығушылығын туғызды. Барлық сабақтар оқытудың интербелсенді түрлерін қолдана отырып, өте қызықты, әрі толыққанды өтті. Оқытушылар оқытудың белсенді түрлерін, атап айтсақ,  CBL, TBL көрсетті.  Оқытудың бұл түрлері ПОҚ және студенттер тарапынан үлкен  қызығушылыққа ие болды. Сабақ өткізудің аталған әдістері клиникалық пәндерді оқытуда инновациялық әдістер болып табылады  және оқытудың нәтижелі болуына септігін тигізеді. Кафедралардың профессорлық-оқытушылар құрамымен оқытудың белсенді әдістері егжей-тегжейлі талқыланды. Оқыту барысында  Қазақстанның және Өзбекстанның медициналық білім беру және денсаулық сақтауы бойынша мәліметтермен алмасты.

Студенттерді оқыту және оқытушылармен бірлесе атқарылған жұмыс баянды, әрі нәтижелі болды. БұхММУ басшылары атқарылған жұмыстар бойынша оң бағаларын беріп, алғыс хаттарын тапсырды.   

С.Т. Тулеутаева, ҚММУ «Балалар жасындағы стоматология мен

хирургиялық стоматология» кафедрасының меңгерушісі.

Г.С.Кемелова, ҚММУ «Клиникалық фармакология

және дәлелді медицина» кафедрасының доценті. 


0
6321

пікірлер

пікір қалдыру үшін.