Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ студенттерінің Назарбаев Университеті өкілдерімен кездесуі

ҚММУ студенттерінің Назарбаев Университеті өкілдерімен кездесуі

11 Наурыз 2017

2017 жылдың 3 наурызында біздің университет  қабырғасында Назарбаев Университетінің өкілдерімен кездесуі болып өтті.   Кездесу кезінде Назарбаев Университетіне түсу туралы ақпарат ұсынылған болатын: бакалавриат, сонымен қатар жоғары оқу орнынан кейінгі білім негізіндегі талапкерлердің студент қатарына алыну ережелері. Университет оқуына қатысты барлық сұрақтар, атап айтқанда, университетте оқу қалай өтетіні, оқу дәрісханаларының жабдықталуы, оқу материалының берілуі, жатақханада тұру жағдайы туралы түсіндірілді. 

Мамандықтар бірнеше мектептер болып үлестірілген: 

1) Әлеуметтік және Гуманитарлық ғылым мектебі

2) Инженерия мектебі

3) Ғылым және Технология мектебі

4) Медицина мектебі. 

Назарбаев Университетінің Медицина мектебіндегі қоғамдық денсаулық сақтау саласында 2 жылдық магистратура ең жоғары деген стандартқа негізделген.  Қоғамдық денсаулық сақтау министрлігінің медициналық емес мектептерде  оқытылатын  басқа бағдарламаларына қарағанда, Медицина мектебі қосымша жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрамын, сонымен қатар оқу және зерттеу ресурстарын ұсынады.  Түсу емтихандары Қазақстанның барлық аймақтарында ағылшын тілінде өтеді және 3 турдан тұрады, оның екеуі ағылшын тілін, ал бірі – екі кәсіби пәнді білуіне қатысты. Медицина алды бағдарлама – химия және биология. Емтихандарды құру, өткізу, тексеру, сонымен қатар студенттерді іріктеу үшін Лондон университетінің UCL  өкілдері жауапты болады, ол 2010 жылы әлемдік университет рейтингісінде 4-орынды алған болатын.  Өзінің әлемдік беделін сақтап қалу мүддесінде олар қызмет көрсету секторларында да білім сапасын  мұқият бақылайды. Университет әрдайым бағдарлама мазмұнының жақсаруы және оқу процесіне инновациялық әдістердің енгізілуі   бағытында жұмыс істейді. Осы жылы Назарбаев Университеті университет алдындағы дайындық деген жаңа бағдарлама жасауды бастады, оның негізгі мақсаты  бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу кезінде тәжірибеде алған білімдерін ойдағыдай қолдануға мүмкіндік беретін дағдылар мен шеберлікті дамыту болып табылады. Университеттің бағдарламалары мен мектептері туралы таныстырылым аяқталған соң, студенттер өздерін қызықтыратын толық ақпаратты алған болатын, олардың барлық сұрақтарына жауап толық берілді.  


0
7053

пікірлер

пікір қалдыру үшін.