Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
PRE-JOBFAIR ІС-ШАРАСЫ

PRE-JOBFAIR ІС-ШАРАСЫ

07 Наурыз 2017

2017 жылдың 25-ақпанында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұйымдастыруымен Қарағанды облысы бойынша Pre-JobFair іс-шарасы өтті.

Кездесуде Қарағанды облысы бойынша «Болашақ» бағдарламасының келесі түлектері қатысты: Сауле Қасымова, Әлия Такирова, Илияс Иманғалиұлы, Меруерт Сыздықбекова, Айхан Оспан, Нұрлан Нурділдәұлы, Гаухар Тұрғанбекова. 

  Аталған іс-шараның мақсаты «Болашақ» бағдарламасының түлектерінің сәтті жұмысқа орналасуына бағытталған, 2017 жылдың наурыз айында Астана және Алматы қалаларында өтетін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі аясында бірқатар мастер-кластарды өткізу, Қазақстан аумағындағы «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен танысу және қарым-қатынасты нығайту, сонымен қатар студенттерге «Болашақ» бағдарламасымен шетелге оқуға түсу бойынша кеңестер беру болып табылады.

  Pre-JobFair бағдарламасы өзіне топ-менеджментер арасынан «Болашақ» бағдарламасының түлектерінің жетістіктер тарихын енгізді, сауатты түйіндеме жасаудың, жұмыс берушімен интервью өтудің негізгі қырлары талқыланды, сонымен қатар «Болашақ» стипендиясын тағайындауға өтініш жазудың тәртібі түсіндірілді.

Халықаралық ынтымақтастық және Болон процесі бөлімі 


0
6322

пікірлер

пікір қалдыру үшін.