Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Болашақ» Академиясындағы академиялық ұтқырлық

«Болашақ» Академиясындағы академиялық ұтқырлық

28 Ақпан 2017

Профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлық бағдарламасының аясында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің фармацевтикалық пәндер және химия кафедрасы доцентінің м.а. фарм.ғ.к.,Медешова Айгүл Тұрдыханқызы 01.02.2017-15.02.2017жж. аралығында «Болашақ» Академиясында (Қарағанды қ.) оқу сабақтарын өткізді. 

Аталған кезеңде А. Т. Медешова "Фармация" мамандығының 5- курс студенттеріне "Дәрілер технологиясы"  пәнінен (мемлекеттік тілде) дәрістер мен тәжірибелік сабақтар жүргізді. Бұл ретте сабақ берудің әр түрлі әдістері пайдаланылды: проблемалық дәрістер, мәселеге бағытталған және командалық-бағдарланған оқыту элементтері, бұл студенттердің қажетті білім мен дағдыларды тиімді меңгеруін қамтамасыз етеді. Оқу сабақтары жұмыс және жайлы ортада, үлкен қызығушылықпен өтті, білім алушылар тарапынан айтылған пікірлер бұған дәлел.

 Біздің оқу орындары арасындағы осындай жемісті ынтымақтастық одан әрі жалғасын табады деп үміттенеміз.

ҚММУ химия және фармацевтикалық пәндер кафедрасы доцентінің м.а. А.Т. Медешова


0
6252

пікірлер

пікір қалдыру үшін.