Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ХИРУРГИЯ БОЙЫНША ҚММУ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ОЛИМПИАДА 2017

ХИРУРГИЯ БОЙЫНША ҚММУ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ОЛИМПИАДА 2017

16 Ақпан 2017

2016 жылдың Қарашасы және 2017 жылдың Ақпан аралығында Қарағанды облысының Хирургиялық қауымдастығының президенті, профессор Е. М. Тұрғыновтың басшылығымен Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің 3-6 студенттері арасында хирургиядан олимпиада өтті.

Қатысушыларға ОО «ХАКО» сайтында on-line тіркеу ұйымдастырылған. Жалпы,171 адам тіркелген,ал Олимпиадада 105 студент қатысты.

Олимпиада төрт кезеңнен тұрды. Бірінші және екінші  кезеңде қатысушылардың теориялық білімдері бағаланды. Ал үшінші және төртінші кезеңде практикалық дағдылары сыналды.

Бірінші кезең 2016 жылдың 11 қарашада мультимедиялық технологиялар  қолдану арқылы тестілеу түрінде өтті. Жауаптарды тіркеу үшін  пульттерді қолдану жарысты тез өткізіп және тез арада қорытынды шығаруға мүмкіндік берді. Кезеңнің қорытындысы бойынша жүзден аса студент ішінен 30 қатысушы келесі кезеңге өтті. 

Олимпиаданың екінші кезеңі 2016 жылдың  14 қарашасында жазбаша түрде өтті. Сұрақтар  хирургия, оперативтік әдістер, визуалды диагностика туралы болды. Кезеңнің қорытындысы бойынша 16 қатысушы келесі кезеңге өтті. 

Үшінші кезең  Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің  практикалық дағдылар орталығында өтті. Қатысушыларға ішек  және тамыр тігу, терең жараны тігу, эндоскопия арқылы тігу дағдылары бағаланды. Эндохирургия білімдерін тереңдету  және әр түрлі тігістерді үйрену үшін қатысушылар практикалық дағдылар орталығына қосымша барып,олимпиадаға өте жоғарғы деңгейде келгені бізді қатты  қуантты. Кезеңнің қорытындысы бойынша 6 қатысушы келесі кезеңге өтті. 

Қорытынды кезең 2017 жылдың 10 ақпанында болды. Әрбір қатысушыға эксперимент түрінде  жануарға аппендэктомия деген операция жасау керек болды. Қатысушылардың пікірінше, теориялық білімдер,сондай-ақ практикалық дағдылар әрбір кезеңде көмегін тигізді, бірақ соңғы тур өзгеше қызықты болды. Олимпиада аяқталғаннан кейін бізге  Ермек Мейрамұлы Тұрғынов біздің виварийде ғылыми жұмыстарды өткізуге болатынын айтып берді.

Олимпиаданың жеңімпазы Валентин Золотарев 5082 тобының студенті болды, екінші орынға Динара Аманжолова 6012 тобынын интерн хирургі иеленді  және үшінші орынға  Ильмира Жиганшина 5087 тобының студенті ие болды.

Біздің университет қабырғасында студенттер және интерндер арасында хирургия бойынша олимпиада екінші жыл өткізіліп жатқанына біз  қуаныштымыз. Бұл олимпиада білімімізбен бөлісу және практикалық тәжірибемізді арттыруға мүмкіндік береді. Осы университетішілік олимпиада студенттерге халықаралық конкурстарға қатысуға мүмкіндік береді  және жылдан жылға жалғаса береді деп үміттенеміз.

Валентин Золотарев

Динара Аманжолова

Ильмира Жиганшина

Екатерина Лялина

Самат Қуанышев

Арлан Сагиров


0
7103

пікірлер

пікір қалдыру үшін.