Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Самрұқ» Студенттік Республикасының саяхаты.

«Самрұқ» Студенттік Республикасының саяхаты.

15 Ақпан 2017

Бәріңізге сәлем!4 ақпан күні ,біз, «Самұрық»  белсенділері, мәдениет министрлігі Достық үйінде қонақта болдық. Ол жерде Литва, Румыния, Германия және Армения елдерінің мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен және өмір сүру мәдениетімен таныстық. Әр ел өз  мемлекетінің мәдениетінің алуантүрлілігімен таныстырды.

   Сонымен қатар, Достықүйіне кіргенде, Достық сарайына тап болғандай сезімде болдық. Барлық талқылаулар мен кездесулер өтетін  басты бөлмеге кіргенде, өте үлкен әсер алдық. Интерьерлерінің өзі ерекше, себебі, бір шаңырақтың астында барлық елдер тату-тәтті өмірсүріп жатқандығын білдіріп тұрды.

       Ең бірінші болып, бізді Литва елінің құрметті елшілері қарсы алды. Біздің дамыған заманымызда, барлықақпараттығаламтор желісінен алуға болады. Бірақ, өз көзіңмен көргенге не жетсін!  Кездесу уақыты байқалмай тез зымырап өте шықты.  Қазақстан мен Литва елінің қаншалықты тығыз байланыста екенін білдік. Ол тек мемлекеттік шаруалар ғана емес, ортақ қолданыста жүрген сөздер, мысалы: кішкентай, сәуле.

     Литва елшілерімен кездесу аяқталғаннан кейін, Румыния елінің мәдениетімен таныстық. Асқан мақтанышпен және маңыздылықпен өз елін бізге  Дакии елінің өкілі таныстырып өтті.  Ұлттық киімдерінің ерекшеліктерін және әдемілігін тұңғылықты жеткізе білді.

   Келесі кезеңде  бізді Германия елінің асқан қуанышпен қарсы алды. Көктем мерекелерімен бізді таныстырып,  сонымен қатар, ниет білдірген әрбір адамға , тілін, дәстүрін, мәдениетін үйренгісі келсе, есіктері айқара ашық.

   Экскурсия соңы өте қызықты және өте көңілді болды, себебі  құрметті Армян елінің  өкілдері  өздерінің мәдениетімен, салт-дәстүрімен таныстырып қана қоймай, ұлттық билеріне де мастер-класс өткізді.  Бірнеше минуттар ішінде  елінің барлық тарихына шолу жасады. Бізге асқан мейірімділікпен және қонақжайлылықпен қарсы алды.

   Әрбір ел өкілдерінің өз елін қандай мақтанышпен,  махаббатпен айтқанын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Білімімізді одан әрі шыңдап, өте үлкен әсер алдық. Бұл күн мәңгі есте қалмақ.

   Құрметті студенттер, уақыттарыңыз тиімді өтсін деген ниетпен, Достық үйіне баруларыңызды ұсынамыз.


0
6121

пікірлер

пікір қалдыру үшін.