Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қайырымдылық әлемді құтқарады

Қайырымдылық әлемді құтқарады

14 Ақпан 2017

2017 жылғы ақпанның 9 күні Халықаралық стоматологтар күніне орай, балалар жасындағы стоматология және хирургиялық стоматология кафедрасының тәлімгері Б.Б. Аймуханбетов және Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің интернатура факультеті интерндері Қарағанды қаласында «Ботакөз» балалар үйінде мерекелік іс-шара өткізді.

Интерндер ерте жастан бастап ауыз қуысы гигиенасының маңызы, тəтті тағамдардың зияндылығы мен тістерді емдеу қажеттілігі туралы сахналық қойылым ұйымдастырды. Қойылым соңында барлық балаларға сыйлықтар беріліп, белсене қатысқан балалар ерекше сыйлықтармен марапатталды. 


Балалар қонақтарды жылы  қарсы алды. Балалар əлі кішкентай болғандарына қарамастан, қонақтармен жақын əңгімелесіп, ұйымдастырылған ойындарда ойнап, билеп, жұмбақтардың жауабын тапқырлықпен таба білді. Кездесу соңында студенттер балалармен  естелік ретінде жалпы суретке түсті.

Қоштасар сəт жақындаған кезде стоматолог студенттер де, балалар да қоштасқылары келмеді. Балалар үйінен шығарда барлық студенттер балалар үйіне тағы да оралып, етене жақындасып үлгерген балалар үйінің тəрбиеленушілеріне қайтадан қуаныш сыйласақ деген ойда болды.

Интернатура факультетінің 6-курс интерн-стоматологтары


0
6246

пікірлер

пікір қалдыру үшін.