Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Талапкерлерді қолдау!

Талапкерлерді қолдау!

01 Ақпан 2017

2017 жылдың қаңтар айының 21 және 28 жұлдыздарында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің «Қазақстан тарихы және ӘСП» кафедрасының доценттері Т.Д. Омаров, Б.Ғ. Нұғман, А.Е. Даниярова және А.К. Айтжановалар Қарағанды қаласындағы №93 гимназияның 11-сынып оқушылыры арасында, Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне түсу үшін кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатымен сәтті жұмыстар жүргізді. Кафедра қызметкерлері ҚММУ-дың құрылу тарихы, қалыптасу кезеңдері және даму белестері туралы, аталмыш оқу орнындағы факультеттер туралы, игеріп шығатын мамандықтары жайлы тиянақты түсіндірді. Жарнамалық плакаттар, буклеттермен таныстыра отырып үгіт – насихат жұмыстарын жүргізді. Оқушылар үлкен қызығушылық танытып, арасында тіпті күтпеген сұрақта да болды. Кездесу соңында Университет оқытушылары гизназияның әкімшілігіне оқушылармен кездесу барысында мүмкіндік бергені үшін, жағымды жайлылық ұсынғаны үшін өздерінің алғыстарын білдірді,  болашақ талапкерлерге келешекте алдағы емтихандарды сәтті тапсыруларына ақ жол тіледі.


0
6942

пікірлер

пікір қалдыру үшін.