Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Команда құру

Команда құру

30 Қаңтар 2017

Тұлғалық даму және біліктіліктерін арттыру шеңберінде ҚММУ ӘБП қызметкерлері «Команда құру» семинар-тренингіне қатысты.

Семинар-тренингтің жүргізушісі – Александр Катков, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық әлеуметтік психотерапия институтының ректоры, РФ Кәсіби ПсихотерапияЛигасыныңВице-президенті, Еуропа Бірыңғай Реестрінің Психотерапевті (Санкт –Петербург қ.).

Тиімді байланыс қалыптастыру мәселесінде тренингке қатысушылардың құзыреттіліктерін арттыру  негізгі мақсат болды. Сонымен қатар:

-функционалды команданы құру принциптері туралы заманауи түсінік қалыптастыру;

- командалық жұмысты құру кезеңдері, технологиялары мен ерекшеліктері;

- аталмыш тәжірибені шынайы іскерлік практикада көрсету мүмкіндігімен командалық жұмыстың сараланған және саналы тәжірибесіне қол жеткізу.

Тренинг барысында сақталған жайлы атмосфераны және барлық қатысушылардың осы процеске деген жеке қызығушылықтарынатап өту керек. Тренингке қатысушылардың қанағаттанушылық деңгейі сауалнама нәтижесімен анықталды және ол  99% құрайды.


0
6571

пікірлер

пікір қалдыру үшін.