Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Педагогикалық біліктілікті арттыру»

«Педагогикалық біліктілікті арттыру»

26 Қаңтар 2017

Медициналық ЖОО-дағы оқытушылардың педагогикалық біліктілігін арттыру курсы бағдарламасы бойынша оқу маған не берді?

  Қазіргі әлемдегі болып жатқан өзгерістердің қарқындылығы (жаһандану, инновациялық технологиялар, тұрақты қарқынды даму, біліктілік және қауіпсіздік және тағы басқалар) медициналық білім берудің әлемдік жүйесінің жұмыс істеу принциптерін қайта қарастыру қажеттілігін тудырады. Қазіргі уақытта осы салада білім алушылардың тең білім алу, сондай-ақ, тиісті практикалық дағдыларды қалыптастыру үрдісінің маңыздылығын көпшілік мойындады.

  Қарқынды өзгеретін әлем жағдайында медициналық ЖОО-дағы оқытушылар үшін алғашқы негізгі сұрақ: Олар студенттерді осы әлемге қалай дайындайды? Осы сұрақтың шешіміне ағымдағы оқу жылының үшінші ақпанынан ҚММУ БПБФ өтіп жатқан оқытушылардың педагогикалық біліктілігін арттыру курстары бағдарламасының мазмұны бағытталған.

  Оқыту өз нәтижесін берді. Г.С. Кемелованың басшылығымен курсты өту барысында мен тиімді оқыту формуласымен, оқытушының әр түрлі рөлдерімен, кәсібилікті дамыту үрдістерімен, «SMART» критерилеріне сәйкес тапсырмаларды орындау ретімен таныстым. Сондай-ақ, Л. Наджарянның  «Миға шабуылы» және рефлексиясы (кері байланыс), Е.Х. Батяеваның мәселеге бағдарланған оқыту әдісі (PBL) маған сабақты аса жоғары деңгейде жүргізуге көмектесті. Өз кезегінде жаттығулар да әсер етпей қоймады. Сонымен қатар, қазіргі заманғы компьютерлік технологиялар көмегімен оқытудың жетілдірілген жүйесін, тәжірибеде жеңілдетілген  түрін пайдалану бойынша нұсқаулықтар алдым.

  Біздің университетіміздің негізгі міндеттерінің бірі – білімді, жан-жақты дамыған, жоғары білікті, сапалы медициналық қызмет көрсетуде бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау болып табылады. Осыған байланысты, жас мамандарды қайта даярлау мақсатында қаралатын іс-шараларды жиі жүргізу аса маңызды. Сондай-ақ, аса жоғары деңгейдегі оқытушылармен тәжірибе алмасу да маңызды рөл атқарады. Мысалы, ҚММУ аға оқытушысы Г.С. Кемеловамен «TBL, CBL оқытудың негізгі әдістері» тақырыбы бойынша (team based learning – шағын топтарда) өткізілген сабақтар өзекті мәселені анықтауда және шешуде қажет достық ортаны құруға ықпал етеді. Бұған мен шағын топтарда тест тапсырмаларын орындағанда көз жеткіздім.

  Осы оқыту әдісінің нәтижелілігіне және тиімділігіне, менің өз тәжірибемде, студенттермен сабақты жүргізу барысында ешқандай күмәнім қалған жоқ. Олар жоғары белсенділік танытты, және оқытылатын мәліметке деген қызығушылығы оянды.  «Бірлесіп оқу» жағдайында топ мүшелерінің өзара әрекет етуі, рөлдерді немесе тапсырмаларды бөлу, топтың мүшесінің жауапкершілігі, әр түрлі талқылаулармен алмасу, өз ойларын қорғауы – нәтижесінде студент топтық талқылау жолымен алынған білімді және көптеген ақпараттарды алады және ұзақ сақтайды.

  Сонымен қатар, әрбір сабақ соңында жүргізілген рефлексия (кері байланыс) өз нәтижелерін берді. Рефлексия – бұл жаңа білімді игеру мақсатында білімді талдау.

Рефлексия оқыту үрдісінің кезеңі ретінде қаралады, мұнда сабақ барысында алынған білім сыни талдауға ұшырайды. Бұл студенттердің білімдерін жүйелендіріп, өздерінің әлсіз және мықты жақтарын түсінуге көмектеседі. Ал оқытушыларға студенттердің жетістіктерінен хабардар болуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, рефлексия басшылықпен және ұжыммен өзара қарым-қатынастар жасауда маңызды. Жалпы алғанда, рефлексия сабақ барысын мұқият ойластыруға, жұмысты жоспарлауға және келесі қадамдарды жасауға көмектеседі.

  Студенттермен сабақ жүргізу барысында АБТ пайдалануда тәжірибемді жетілдіру үшін Microsoft Word, Excel, Power Point, Platonus, Moodle бағдарламаларын жетік меңгеруге көмектескен Е.Л. Мухаметованың дәрістерінің мәні зор болды.

  ЖОО-ның оқытушылары негізінен, әдетте, өз көзқарастары, өз бағыты, өз стилі, өз қарым-қатынас стилі бар, яғни олар өзіндік қалыптасу сатыларынан өткен адамдармен жұмыс істейді. Және де, мұндай адамдармен жұмыста К.К. Жунусованың «Оқытушының коммуникативтік дағдылары» дәрістері өте пайдалы. Оның «Кәсіби күйіп кету» синдромы әдісі өзінің тиімділігін көрсетті және студенттермен байланыс кезінде туындаған жағдайда көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі: осы «синдром» қалай және қашан, қандай себептерден пайда болды, оның қалыптасу кезеңдері қандай және оның «күйіп кету» деңгейін қалай төмендетуге болады.

  Медицина – бұл көп жылдық тарихы бар және өзінің тамырын тереңге жайған ғылым. Ол өте жақсы дамыған және дамып келеді. Медициналық зерттеулермен айналыса отырып, бізге көптеген әріптестермен, басшылармен өзіміздің ғылыми жаңалықтарымызбен жиі бөлісуімізге тура келеді. Осы орайда, С.М. Кабиева және А.С. Төлеуованың «Ғылыми зерттеу дағдыларының құзыреттілігі», «Ғылыми зерттеулердің этикалық аспектілері», «Ғылыми мақаланы қалай жазу керек?» тақырыптары бойынша өткізген сабақтарын ұмытуға болмайды.

  ЖОО-ның оқытушысы – бұл ең алдымен, шығармашылық тұлға, ал шығармашылық әрқашан кәсібилік пен өзін-өзі жетілдіруді талап етеді. Сондықтан, үздіксіз кәсіби дамыту факультетінің дәрістеріне жиі бару маңызды. Олар бізді заманауи технологиялармен, Қазақстанның және шетелдің жетекші медициналық ЖОО-ң оқытушылық тәсілдерімен қамтамасыз етіп, одан әрі өзін-өзі дамыту жолдарын көрсете отырып, бізді жаңа, неғұрлым жоғары жетістіктерге жетелейді.

М.Ж. Әлиева

Гистология кафедрасының оқытушысы


0
7383

пікірлер

пікір қалдыру үшін.