Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Бірлік» - чемпион!

«Бірлік» - чемпион!

18 Қаңтар 2017

2014 жылдың сәуірінде ҚММУ футбол жанкүйерлері керемет сыйлыққа ие болды – жатақханалар командалары арасындағы университет чемпионатына қатысу. Екі жылдан астам уақыт ішінде жаңа турнир өзін өзі көрсетіп, жанкүйерлер армиясын жинады.

 Жаңа 2017 жылдың қарсаңында кезекті есеп бойынша 10- біріншілік мәресіне жетті. Қараша мен желтоқсан аралығында 11 командадан 100 астам студент ҚММУ үздік футбол жасағы титулына таласты. Жатақханалардың құрама командалары чемпионатқа қатысуға өтініш білдірді: №1, №2 (капитаны Әбдіхамитов Ерсін), №3 (капитаны Сейіл Біржан), №4 (капитаны Мергенбай Темірғали), №6 (капитаны Қайыркен Мәди), сонымен қатар, жалдамалы пәтерлерде тұратын студенттерден құралған бес команда және «Әскери кафедра» командасы (капитаны Абильдинов Азамат).

Алғашқы ойыннан бастап екі команданың текетіресі анық байқалды – «Пәтершілер I» (капитаны Сарсенбаев Касым)  және «Жатақхана 1» (капитаны Мендыгалиев Ердаулет). Осы қарсыластық соңына дейін жетті...Және кезекті кездесу соңғы турнирде біріншіліктің жеңімпазын анықтады.

Футбол бойынша ҚММУ чемпионы болып алғаш рет «Жатақхана 1» командасы атанды.

ҚММУ X Чемпионатының қорытынды кестесі

 

  командалар

  ойындар

  жеңістер

  Тепе-тең ойын

  жеңілістер

 

доптар

ұпайлар

 1

Жатақхана  1

  9

  9

  0

  0

 124 – 73

  27

 2

Пәтершілер  1

  9

  7

  1

  1

  93 - 59

  22

 3

Пәтершілер  4

  9

  6

  0

  3

  131 - 95

  18

 4

Жатақхана  3

  9

  6

  0

  3

  99 – 86

  18

 5

Жатақхана  2

  9

  5

  2

  2

  109 - 85

  17

 6

Әскери кафедра

  9

  3

  0

  6

  90 - 93

  9

 7

Пәтершілер  3

  9

  3

  0

  6

  77 – 95

  9

 8

Жатақхана  4

  9

  2

  0

  7

  66 – 95

  6

 9

Жатақхана  6

  9

  1

  2

  6

  79 - 113

  5

10

Пәтершілер  6

  9

  0

  1

  8

  76 - 148

  1

  Жүлдеге ие болған барлық команданың ойыншылары естелік сыйлықтарға ие болды.

Турнирдің қорытындысы бойынша символдық чемпионаттың құрамасы символикасы анықталды:

Үздік қақпашы: Шора Ерлан (Жатақхана 1)

Үздік қорғаушы: Каирбеков Алмат (Жатақхана 3)

Үздік шабуылшы: Абдижаббаров Шахзод (Пәтершілер 4) және Рахымбаев Алибек (Пәтершілер 1)

Үздік ойыншы: Мендыгалиев Ердәулет (Жатақхана 1)

Сонымен қатар, қатысушыларды ынталандыру үшін қосымша номинациялар енгізілді:   

   «Ең қажетті ойыншы» - Абдраманов Аят (Жатақхана 4)

  «Ең тәсілді ойыншы» -  Гинаятов Рахман (Пәтершілер 4)

  «Турнир жаңалығы» - Уалиев Ернур (Пәтершілер 1)

  Барлық командалардың үздік ойыншылары бағалы сыйлықтармен марапатталды.  ҚММУ Спорт клубы.


0
6635

пікірлер

пікір қалдыру үшін.