Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жылулық сыйлағымыз келеді

Жылулық сыйлағымыз келеді

11 Қаңтар 2017

Жаңа жылды тойлау қарсаңында №3  ішкі аурулар кафедрасының студенті Сарлыбаева Викторияның бастамасымен 6-082, 6083, 7-033топтары интерндерінің қатысуымен Қызыл Жартыай ауруханасының қамқорына алынғандар үшін қайырымдылық науқаны ұйымдастырылды.

Орын кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені, бұл адамдар өскелең ұрпақтың ықыласына мұқтаж жандар. №3 ішкі аурулар кафедрасы студенттерінің № 3 ерікті қайырымдылық жарналарының күшімен, сондай-ақ, Қарағанды ​​кәсіпкерлерінің бірінің демеушілігі арқасында  хоспис қамқорындағылар үшін жеке азық-түлік жиынтықтары ұйымдастырылды. Музыкалық сәлемдеме де ұмытылмады.  7-курс интерндері Абылканов Чингиз және Аукенов Дәурен шағын концерт ұйымдастырды.

Іс-шараны ұйымдастырғаны үшін қарттар ризашылықтарын білдірді, студенттер өз кезегінде, кездесудің соңғы рет емес, келешекте жалғасын табатынына уәде берді, себебі, қайырымдылық жасау ақылды тазартып, жанды қуантады. 


0
6525

пікірлер

пікір қалдыру үшін.