Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналады

Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналады

15 Желтоқсан 2016

Қазақстан Республикасының ең басты мемлекеттік мерекесі Тәуелсіздігімізге 25 жыл толуына орай, "Мейіргер ісі" мамандығының студенттері үшін "Біздің Отанымыз – Қазақстан" атты зияткерлік ойын түрінде кураторлық  сағат өткізілді.

Негізі ойынға TBL кестесі алынды, бірақ тесттер клиникалық тақырыпта болмады, батырларды білу, ақын-жазушыларды, Қазақстанның саяси қайраткерлері болды. 

Ал шарт бойынша студенттер Отанымыздың ең әдемі жерлері бойынша  туристік картасын құрастыру ұсынылды. Балалар тапсырманы өте жақсы орындады! Қазақстанның ең көрікті жерлерін айтып қана қоймай,  онда қалай уақыт өткізу керектігін, міндетті түрде көруге болатынын  және қандай  бюджетте есептеуге болатынын айтып өтті.

Өте танымды және қызықты болды. Аталған іс-шараны жүргізуші, "Мейіргер ісі" мамандығы студенттерінің кураторы Айғаным Айболқызы Болатбекова. Қазылар алқасы ретінде "Мейіргер ісі" мамандығы пәндеріне   жауапты  Ника Николаевна Седач және оқу ісінің меңгерушісі Жандарбек Абдухалиевич Калбеков болды. 

Кураторлық сағатты аяқтау барысында барлығына патриоттық, отандық фабриканың кәмпиттерін ұсынды. 

"Мейіргер ісі" мамандығының 4-004 топтың студенті  Кумархан Кумаров 


0
5963

пікірлер

пікір қалдыру үшін.