Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жаңа 2017 жылмен құттықтаймыз!

Жаңа 2017 жылмен құттықтаймыз!

05 Қаңтар 2017

2017  жыл да жақындап қалды. Осы мерекенің қарсаңында СӨӨБК Профилактикалық медицина,биология және фармация факультеті кеш өткізді. 121 - аудитория қатты өзгерді: әсем мишуралар, неше түрлі шарлар, әсіресе, шырша көңіл-күйді көтерді. Белсенділер, спортсмендер,жақсы оқитын студенттер кештің конағы болды. Мерекеге факультет деканы В.Н. Приз, оқу-тәрбие жұмысының орынбасарлары А.М. Камарова мен А.К.Омарова, жастармен жұмыс бөлімінің орынбасары Ф.А. Батиров қадірлі қонақ ретінде шақырылды.

Мереке «ертегі» стилінде өтті.  Дуаланған кейіпкер рөлін Бондарева Анастасия (1-002 МПІ), дыбыстауды Қуаныш Жұлдыз ( 5-010 ҚДС), Аяз атаны Мусабаев Ерсайын (5-050 ЖМ), Ақшақарды Молдабаева Жадыра ойнады (3-002 МПІ). Мерекенің тосын сыйы – проректор В.Б. Молотов-Лучанскидің ламбада биімен шығуы. Содан кейін Вилен Борисович, Фахридин Абдижапарович және деканат басшылығы келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, қатысушыларға жылы сөздерін арнап, сессияны ойдағыдай тапсыруға тілек білдірді.

Барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйде болды, сайыстарға қатысқаны үшін Аяз ата мен Ақшақардан сыйлық алды. Кеште Әлібаева Ақнұр (2-002 МПІ) мен Жамаш Алмас (1-001 Био) өнерлерін көрсетті. Мерекенің соңында студенттер фотосессия жасады. Жаңа жыл мерекесін өткізу Профилактикалық медицина,биология және фармация факультетінің дәстүріне айналды. Келесі жылы да осы мерекені өте жақсы өткіземіз деп сенеміз.

Факультет атынан университет басшылығын,оқытушыларды, студенттерді шын жүректен құттықтап, денсаулық, жаңа табыс тілейміз. Құрдастар! Сессия ойдағыдай өтсін!

Заскалько Екатерина

Профилактикалық медицина, биология және фармация факультетінің СӨӨБК ақпараттық секторының жетекшісі


0
7402

пікірлер

пікір қалдыру үшін.