Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Биологиялық химия кафедрасының студенттер ғылыми үйірмесінің отырысы

Биологиялық химия кафедрасының студенттер ғылыми үйірмесінің отырысы

05 Қаңтар 2017

2017 жылдың 24 желтоқсанында биологиялық химия кафедрасында студенттер ғылыми үйірмесінің кезекті отырысы өтті. СҒҮ отырысында жалпы медицина факультетінің 2- курс студенттері В. Киричек (2-036 т.), К. Дацко (2-038 т.), Ж. Амирова (2-040 т.), Э. Қадыр (2-038 т.), А. Крылов (2-040 т.) баяндама жасады.

Андрей Крылов күйзеліс гормондарына жан-жақты сипаттама беріп, олардың күнделікті өмірдегі маңызын көрсетті, көптеген қызықты ғылыми зерттеулерді келтірді. Студенттерге емтихан кезінде көңіл-күйге байланысты пайдалы ұсыныстар берді.

Картоптан жасалған чипстердің сапалық құрамы мен оларды пайдаланудың ағзаға зиянды әсері туралы қызықты жұмысын Э. Қыдыр баяндады. Оның жатақханадағы өзіндік зерттеулері бойынша чипстерді 1 (36 %) және 4 (10 %) курс студенттеріне қарағанда 2 және 3-курс студенттері (54 %) көп пайдаланады. Сонымен қатар, чипстермен тамақтанатын бұл студенттердің асқазан-ішек жолдарында бұзылыстар мен биохимиялық көрсеткіштерінде ауытқулар байқалған, яғни 58 % гастрит анықталған.

В. Киричка, К. Дацко және Ж. Амирова таныстырылымдары қазіргі кездегі өзекті тақырыпқа – бақылаусыз бұлшықет массасын өсіру мақсатында анаболикалық стероидтарды қолдану мәселесіне арналған. Бұл заттардың құрылысы туралы, олардың ағзадағы биохимиялық көрсеткіштерге әсер етуі және зияндылығы жайында баяндалды.  Теориялық мәліметтерден басқа студенттер өздерінің зерттеулерінде жатақхана мен спорт залдарында блиц-сауалнамалар жасаған: 55 %  интервьюерлер анаболикалық стероидтардың кері әсерін біледі, 30 % - бұл мәселе жайында мүлдем ойланбаған, 15 % - аталған заттардың зияны жоқ екендігін және оларды өздері пайдаланатындығын айтқан.

Баяндамалар аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырды, студенттер мәселелерді белсенді түрде талқылап,  белгілі бір қорытындыларға келді.

Е.В.Бурдельная Үйірме жетекшісі, биохимия кафедрасы  доцентінің м.а., х.ғ.к.


0
6261

пікірлер

пікір қалдыру үшін.