Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жақсы дәстүр!

Жақсы дәстүр!

04 Қаңтар 2017

Қарағанды ​​мемлекеттік медицина университетінің студенттері үшін университеттің ректоры, профессор Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызымен кездесу жақсы дәстүрге айналды.

27 желтоқсан күні өткізілген салтанатты шараға университеттің үздік студенттері шақырылды.

Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор В.Б. Молотов-Лучанский, барлық факультет декандары, жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы үздік жастардың жетістіктері мен табыстарымен таныстырды. Ректор оқу озаттары, университеттің ғылыми, шығармашылық, қоғамдық және спорттық өміріне белсене қатысқаны, белсенді өмірлік ұстанымыдары үшін студенттерге жеке алғыс хат табыстады.

Кездесудің екінші жартысында ректор сыйлығы - «Шалқыма» концерттік бірлестігінің өнері тамашаланды.

Барлық студенттерді мерекемен құттықтай отыра, оларға оқуда табыс және ғылыми биіктерге қол жеткізулерін тілейміз! Білім алып, қызықты да қанық өмір сүріңіздер. Студенттік жылдар қайта оралмайды, оларды жарқын ете біліңіздер.

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
7490

пікірлер

пікір қалдыру үшін.