Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Әр үйге Жаңа жыл

Әр үйге Жаңа жыл

29 Желтоқсан 2016

26 желтоқсанда Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім театр өнері үйірмесінің қатысушыларымен Даму мүмкіншіліктері шектеулі  балаларға  арналған балалар үйіне барып қайтты.

Үйірменің ұйымдастырушылары балаларға арнап жаңа жылдық ертегі кейіпкерлерін дайындады, Жалмауыз кемпір (Қуаныш Жұлдыз), Ақша қар (Тастубай Айжан) және Аяз ата (Коробейников Тимур).  Ертегі кішкентай көрермендерді шаттыққа бөледі. Қойылымнан кейін балаларды көңілді ойындар, конкустар және викториналар күтіп тұрды, әр қатысушы Аяз атадан сыйлықтар алды.

Мерекені бақылай отырып балалардың қуанған  жүздерін көріп өзіміз де балалыққа оралғандай болдық. Ғажайыпқа сене бастасаң ,атмосфера жаңа жылдың алдындағы ғажайыпқа толы болды.

Театр өнері үйірмесі жаңа жылдық науқанға қатысқандарға алғыстарын білдіреді, олардың көмегімен ата-ана назарынан тыс қалған балалар үшін мереке болып өтті.

Жұмаділова Жібек

Театр өнері үйірмесінің жетекшісі


0
6478

пікірлер

пікір қалдыру үшін.