Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Балалар үйіндегі мереке.

Балалар үйіндегі мереке.

29 Желтоқсан 2016

25 желтоқсанда Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім Ынталы студенттер клубымен Даму мүмкіншіліктері шектеулі  балаларға  арналған балалар үйінің тәрбиеленушілеріне концерттік бағдарламаны ұйымдастырды.

ЫСК белсенділері «Жаңа жыл бізге асығады!» атауымен арнайы мерекелік бағдарламаны дайындады.

Балалар біздің келуімізге риза болды, табалдарықтан күтіп алып, өздерінің қалай тұрып жатқандарын көрсету үшін балалар үйіне кіргізді.

Мерекеге акт залының қабырғалары түрлі-түсті плакаттармен және жаңа жылдық ойыншықтармен безендірілді. Барлық балар тамаша жаңа жылдық киімдерде болды.

Студенттеріміз балалар үйінің тәрбиеленушілеріне театрандырылған ертегі қойылымын көрсетті, көптеген ойындарды өткізді, оригами конкурсын және орасан зор флешмобты өткізді, мерекелік фотосессияны ұйымдастырды, сонымен қатар дәмді және пайдалы сыйлықтарды сыйлады.

Өз кезектерінде балалар үйінің тәрбиеленушілері көңілді эмоция және жақсы көңіл-күй сыйлаған студенттерге өздері қолдан жасаған бұйымдарын сыйлады.

Гаджиева Рагимат

Ынталы студенттер клубының жетекшісі


0
6306

пікірлер

пікір қалдыру үшін.