Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Тәуелсіздік туымен» атты әдебиеттік- ән кеші

«Тәуелсіздік туымен» атты әдебиеттік- ән кеші

22 Желтоқсан 2016

2016 жыл- бұл біздің еліміздегі әрбір азаматтың өміріне ерекше әсер беретін жыл болып табылады. Біз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 –жылдық салтанатты мерекесін тойлайтын куәгерлерміз. Қазақстан 25 жыл бойы Тәуелсіздік туының астында өмір сүріп келе жатыр. Біздің елімізде 1991жылы 16 желтоқсанда  «Қазақстан Республикасы мемлекетінің Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданды. Бұл күн–16 желтоқсан –Тәуелсіздік Күні мемлекеттік мерекесі болып бекітілді! Бұл біздің мемлекетіміздің ең басты мерекесі.

Клиникаға кіріспе кафедрасы мереке қарсаңында Облыстық ардагерлерге көмек көрсету орталығында салтанатты концерт ұйымдастырды.

 «Жалпы медицина» мамандығының 1038 және  1021 топ студенттері өздерінің оқытушылары Г.М.Амреновамен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 –жылдығына арналған «Тәуелсіздік туымен» атты әдебиеттік- ән концертін ұйымдастырды. Концертке тек науқастар ғана емес, сонымен бірге аурухана әкімшілігі- бас дәрігер И.М. Ахмадишин, бас дәрігердің орынбасары Е.Е.Туленов, ҚММУ мұражайының меңгерушісі С.А.Сартабаев шақырылды. Кеште 1986 жылғы оқиғаға арналған әдеби-ән композициясы, Астананың құрылуы туралы видеофильм, Отанымыз туралы өлеңдер, ұлттық билер көрсетілді. Кеш соңында құрметті қонақтарға сөз берілді: бас дәрігердің орынбасары Е.Е.Туленов, ҚММУ мұражайының меңгерушісі С.А.Сартабаев, клиникаға кіріспе кафедрасының меңгерушісі С.М.Кабиева, ауруханада жатқан науқастар, олар барлық қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, кафедра оқытушыларына және студенттерге алғыс білдірді.

С.У. Жунусова  клиникаға кіріспе кафедрасының ассистенті


0
6203

пікірлер

пікір қалдыру үшін.