Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күн

1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күн

15 Желтоқсан 2016

2016 жылдың 6 желтоқсанында эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы №4 жатақханада жастар арасында АИТВ – инфекциясының алдын алу бойынша тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты студенттерді өздерінің қаупін бағалауға, қауіпті жағдайлардан алыс болуға және өздері мен жақындарын қорғауға үйрету болды.

Тренингке жатақханада тұратын «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Медициналық – профилактикалық іс» мамандықтарының 1 – 4 курстарының студенттері қатысты. 

Тренингтің басында қатысушыларға АИТВ – инфекциясының әлемдегі және біздің мемлекетіміздегі эпидемиологиялық жағдайы, инфекция көздері, таралу жолдары мен факторлары, сонымен қатар жұқтырудың алдын алу мен диагностика шаралары туралы фильм көрсетілді. «Медициналық – профилактикалық іс» мамандығының 4-004 тобы тренингтің жүргізушілері болып, «Біздің ойын» атты ойын өткізді.

Ойын бейнеролик материалдарына негізделді, «АнтиЖИТС» және «АнтиВирус» командалары бірінші орынға таласты. Жарыстың барысында қатысушылар аталған инфекцияның пайда болу тарихы, АИТВ – инфекциясының этиологиясы, таралу көздері, жолдары, диагностика және алдын алу шаралары туралы білімдерін көрсете алды. Өте позитивті, қызықты, көңілді және танымды болды. Команда қатысушылыры жауап беруге қиналған сұрақтарға залдағы студенттер жауап берді. Әрине, достық жеңді, бірақ аздаған артықшылықпен «АнтиВирус» командасы ұтты. Жеңген команда тәтті сыйлық сыйлығанда таң қалыстары көрінді. 

Кештің соңында тренингке қатысушылармен кері байланыс өткізілді, тек позитивті ой-пікірлер мен осындай шаралардың әрдайым жүргізілуі туралы тіліктер айтылды. Қатысушылар дайындалған материалды меңгеріп, АИТВ – инфекциясы туралы білімдерін жетілдіре алды. АИТВ жұқтырудың алдын алу мақсатында барлық қалағандарға брошюралар, мүшеқаптар, блокноттар мен дәптерлер таратылды.

Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы


0
6363

пікірлер

пікір қалдыру үшін.