Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көптілділік зияткерлік ойынының есебі

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көптілділік зияткерлік ойынының есебі

13 Желтоқсан 2016

2016 жылдың 07 желтоқсанында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шет тілдер кафедрасы ұйымдастыруымен 1-курс студенттері арасында көптілділік интеллектуалды ойыны ҚММУ–нің №4 жатақханасында өтті. Аталған іс–шараға 1-001 медициналық-профилактикалық мамандығының  студенттері: Қ.Қарабаева, А.Халым, М.Кумисбаев, Б.Әмиргалиев, Б.Халық, 1015 жалпы медицина мамандығының студенттері С.:Айдаулетова, Г.Алмағанбетова, Н.Арқабеков, Ғ.Сәруәров,1026 топтан Б.Айтбай, Т.Жалғасов, Ә.Көшербай, А.Көпек белсенді қатысты. Ойын мемлекетіміздің әнұранынан, Қазақстан туралы слайдты көрсетуден басталды. Тапсырма сұрақтары Қазақ халқының салт-дәстүрін,әдет-ғұрыптарын,саясаты мен тарихын қамтыды. Студенттер ойын барысында жақсы білім көрсетті. Сонымен қатар студенттер ән айтып,би билеп, добырада ойнады.

Студенттер өз өнерлерін көрсетумен қатар, қазақ  халқының  салт-дәстүрлеріне,саясатына,тарихына байланысты  қойылған сұрақтарға үлкен қызығушылықпен жауап берді. . Әділқазылар мүшелері-профилактикалық медицина биология және фармация факультетінің декан орынбасары Камарова Айсулу Макашевна,шет тілдер кафедрасының меңгерушісі Бурмистрова Валерия Алексеевна және қазақ тілі кафедрасының оқытушысы Конурова Нургул Аликаппаровна. Әділқазылар ойын нәтижелерін қорытындылап, студенттерге  сыйлықтар тапсырды. Жалпы алғанда, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көптілділік зияткерлік  ойыныны өз деңгейінде өтті.


0
6727

пікірлер

пікір қалдыру үшін.