Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Балалар дәрігері үшін ең үлкен бақыт – балалардың күлкісі!

Балалар дәрігері үшін ең үлкен бақыт – балалардың күлкісі!

12 Желтоқсан 2016

Бала - өмір гүлі, ата – аналардың көз қуанышы екені белгілі. Бұл сөздердің күнделікті айтылып, үйреншікті болып кеткені соншалық, тіпті бұл сөздерде терең мағына мен үлкен мәннің жатқанын байқамаймыз. Ата – ана үшін зор бақыт - баласының бақытты болуы. Балалар - біздің болашағымыз. Болашағымыз жарқын, жетістіктерге толы болуы үшін әр баланың дені сау болуы шарт.

Көңілді емес отбасылық анамнезі бар, ауруханада бірнеше айлап ем қабылдап жатқан туберкулезбен науқас балаларды қарап, бақылап жүрген 6-022 топ интерндері Дүниежүзілік бала дәрігерлері мерекесі күні қарсаңында қалыс қала алмай, көңілді ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырып, сыйлықтар таратып балаларды сауықтыруға өз үлестерін қосты. Аязды күндері педиатрлардың мейірімді жүрегі  балаларды жылытып, болашаққа жарқын үміт сыйлағандай!

Олар өз қолдарымен бәліш пісіріп, әуе шарларын үрді. Мереке көңілді өтті. Жүректері мейірімге толы осындай жандардың көп болуын тілей отырып,  интерндерге зор алғыс білдіреміз! 


0
6368

пікірлер

пікір қалдыру үшін.