Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Біз өмірді таңдаймыз

Біз өмірді таңдаймыз

08 Желтоқсан 2016

25 қарашада Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім "Самұрық" СР әлеуметтік жұмыс жөніндегі министрлігімен және Қарағанды облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу орталығымен бірлесе Музыкалық комедия театрында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған акция өткізді.

Акцияның басты мақсаты – халықты ақпараттандыру, әсіресе, жастарды, аурудың барлық аспектілері бойынша хабардар ету, сондай-ақ, АИТВ шалдыққан адамдарға деген толерантты қарым-қатынас қалыптастыру.

Осы қорқынышты аурудың құрбандарын еске алу үшін "Самұрық" СР белсенділері театрға келушілердің қолына неонды білезіктер тақты, сондай-ақ, акцияның бейнелемесі бар ақпараттық парақшалар, блокноттар мен күнтізбелер таратты. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға АИТВ шалдыққан балаларға деген қоршаған ортаның әділетсіз қарым-қатынасы мәселесіне арналған әлеуметтік ролик көрсетілді.

Калыбекова Айя

"Самұрық" СР әлеуметтік жұмыс жөніндегі министрлігі


0
6225

пікірлер

пікір қалдыру үшін.