Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ұлт денсаулығы күні!

Ұлт денсаулығы күні!

08 Желтоқсан 2016

Алдымызда сенбіде Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім «Конферансье» үйірмесімен бірлесе Станиславский атындағы театрда Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы  жетістіктеріне арналған «Ұлт денсаулығы» концертін ұйымдастырды.

Концерттік бағдарлама орта мектеп оқушыларынан дайындалған жас дарындардың нөмірлерінен құрылды.

Оқушылардың өнерлерінен басқа, көрермендер ҚММУ өнерлі ұжымдары қатысушыларының орындауындағы үздік нөмірлерді тамашалады: «Қаракөз» шығыс билері халықтық ансамбілінің «Махаббат сыры» нөмірін және театрландырылған «Golden Step» би тобының сезімге толы «Қазақ вальсі» композициясы.

 «Жігіттер» тобының әншілері және шығармашылық дуэт Ералиева Дана мен Дәулетова Тоғжанның орындауындағы мәңгілік өшпейтін шлягер «Ах, Самара городок!» әні көрермендердің жүректерінен орын алды. Ғани Еркебұланның орындауындағы пластикалық этюд көрермендерге ұнады.

Іс – шараны қорытындылай келе, ұлт денсаулығына тек медициналық жұмыскерлер ғана емес, әркім, әр адам  жауапты. Өзіңе көмектесе отырып – сіз басқаларға да көмектесесіз. Еліміздің болашағы дені сау адамның қолында!

Скендирова Азима

 «Конферансье» үйірмесінің жетекшісі


0
6256

пікірлер

пікір қалдыру үшін.