Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Менің Елім – Мәңгілік Ел

Менің Елім – Мәңгілік Ел

07 Желтоқсан 2016

25 қараша күні Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай, «Менің Елім – Мәңгілік Ел» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының  жалпыреспубликалық жастар науқаны өтті . Науқанға "Мейіргер ісі" мамандығының  IV курс студенттері қатысты. Сондай-ақ, Қарағанды қаласының барлық ЖОО студенттері мен оқушылары қатысты.

Қазақстанның тәуелсіздігіне Ассамблея концерт  ұйымдастырды. Қазақстан Республикасында тұратын барлық халықтардың дәстүрлі билерін және  хандар мен билерді сахналау, әсіресе, студенттерге қатты ұнады.

Аталған іс-шара қызықты, танымды өтті. Осындай іс-шаралар жас ұрпақты отаншылдыққа, жеріне, отанына деген сүйіспеншілікке баулуға  ықпал етеді.

«Мейіргер ісі» мамандығы студенттерінің кураторы   А.А. Болатбекова 


0
6328

пікірлер

пікір қалдыру үшін.