Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Серпін-2050» жобасы аясында өткен республикалық семинар

«Серпін-2050» жобасы аясында өткен республикалық семинар

07 Желтоқсан 2016

10.09.2015ж. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген «Серпін-2050» Шаралар жоспарына сәйкес 28-29 қарашада Щучинск қаласында «Дискавери-Боровое» сауықтыру орталығының базасында оқу орындарының өкілдері, «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы аясында оқитын студенттер, білім басқармасы және жастар саясатының өкілдері үшін «Халықаралық бағдарламалар Орталығы» АҚ республикалық семинары ұйымдастырылды.

ҚММУ атынан жалпы медицина және стоматология факультетінің декан орынбасары Байменова Айман Серикбаевна қатысты.

Семинардың салтанатты ашылуы «Серпін-2050» Республикалық әлеуметтік жобасының жетекшісі Тобатаева Кульзия Кадыровнаның қатысуымен жүзеге асырылды. Семинар шеңберінде «Атамекен» ҚР Кәсіпкерлер Ұлттық палатасы Басқармасы Төрағасының орынбасары Абенов Мурат Абдуламитовичпен кездесу өтті.

Семинар-тренинг барысында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, оқу аймақтарында жоба қатысушыларының бейімделуі мен әлеуметтенуі бойынша әдістемелік семинарлар жүргізілді.

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

Жалпы медицина және стоматология факультетінің деканаты


0
6472

пікірлер

пікір қалдыру үшін.