Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Аламан» республикалық фестивалі

«Аламан» республикалық фестивалі

07 Желтоқсан 2016

2014 жылдан бері Қазақстанда еңбек ресурстарының молдығы орын алып отырған республиканың оңтүстік өңірінің жастарын еңбек ресурстарына сұраныс көп батыс және солтүстік аймақтарда білім алуға жағдай жасап, кейін сол жерлерде жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарастыру мақсатында «Серпін-2050» «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» атты мемлекеттік бағдарламасы жұмыс жасап келеді.

2016 жылы ҚММУ аталған бағдарламаны жүзеге асыруға қатысатын ЖОО ретінде бекітілді. Университетке 2016-2017 оқу жылына «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқуға 50 грант бөлінді.

10.09.2015ж. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген «Серпін-2050» Шаралар жоспарына сәйкес 26 қарашада Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де белсенді, жан-жақты студенттерді анықтау және 10 номинацияда ерекшеліктерімен көзге түскен студенттерді, командаларды анықтау мақсатында «Аламан» республикалық фестивалі өткізілді.

Аталған фестивальға біздің ЖОО атынан «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» мемлекеттік гранты бойынша оқитын «Жалпы медицина» мамандығының 1-курс студенті Пернебай Әйгерім қатысып, «Өнерлінің өрісі кең» атты номинацияда жүлделі бірінші орынды иеленді.

Жалпы медицина және стоматология факультетінің деканаты Әйгерімді құттықтап, одан әрі шығармашылық табыстар тілейді!


0
6715

пікірлер

пікір қалдыру үшін.