Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тьюторлар клубы көкжиектерін кеңейтеді

Тьюторлар клубы көкжиектерін кеңейтеді

05 Желтоқсан 2016

Әрбір студентке, әсіресе, 1-курс студентіне өз сұрақтарына жауап беретін, көмектесетін адамның болуы өте маңызды.  Тьютор дегеніміз ол - оқытушы да, дос та. Сондықтан, тьюторға көп зат байланысты,  мәселен,  1-курс студенттерінің жаңа ортаға, сабаққа және бір-біріне үйренуі. Ең маңыздысы - тьюторлардың жұмысында достық пен бірлестік болуы қажет. Сол үшін біздің университетімізде тьюторлар клубы жұмыс істейді.  

Клуб әрбір сенбі сайын сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін, 350-356 аудиторияларда жұмыс жасайды. Қараша айынан бастап сабақтар күн сайын өтеді. Сонымен қатар, биохимия мен орыс тілі пәндерінен сабақтар қосылды.

Құрметті студенттер, сіздерде сабақ туралы және басқа да сұрақтарыңыз болса, бізден кеңес алуларыңызға болады.  

Қосымша ақпарат үшін жастармен жұмыс жөніндегі бөлімге (Гоголь көш., 40, № 126 каб.) немесе клуб үйлестірушісі Қуаныш Жұлдызбен (87058283086) хабарласыңыздар.

Рымбаева Тогжан

«Самұрық» Студенттік Республикасының

ақпарат және байланыс министрлігі


0
6308

пікірлер

пікір қалдыру үшін.