Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚММУ ҚЫРАНЫ – 2016

ҚММУ ҚЫРАНЫ – 2016

05 Желтоқсан 2016

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті жоғары санатты медицина саласына мамандарды дайындаудан басқа, өзінің спорттық дәстүрлерімен әйгілі.

25-қарашада спорттық клуб «ҚММУ ҚЫРАНЫ – 2016» атты І ашық чемпионатын салтанатты түрде ашты. Идея авторы «Стоматология» мамандығының студенті Зекен Ермұрат болып табылады. Жарысқа 70 пен 100 кг салмақ дәрежесі аралығындағы 16 балуан қатысты.

Турнир төрешілері келесі құрамда болды: бас төреші – Тусупбеков Асхат Каригулович, төрешілер - Тлеубек Багдаулет және Марлен Жангабыл. Турнир форматы «Қазақстан барысы» теледидар жобасымен ұқсас болып өтті.

«Самұрық» СР Спорт министрлігі мен ҚММУ Спорттық клубы ұйымдастырған іс-шара мән жүзінде кең ауқымды болды. Күрес жоғары дәрежеде өтіп, әрбір қатысушы өзін нағыз жеңіске лайықты балуан ретінде көрсетті.

«Көрермен көзайымы» номинация жеңімпазы Елубаев Нуртас (3-050 ЖМ), «Ең жылдам жеңіс» номинация иегері ретінде Алпысбаев Еламан (3-006 ЖМ) танылды.

Турнир қорытындысы бойынша қола жүлдені Алибаев Бауыржан (3-073 ЖМ), күміс жүлдені Мухамедгали Ринат (3-015 ЖМ), ал тұңғыш «ҚММУ ҚЫРАНЫ» атағын және алтын иегері болып Медициналық-профилактика іс мамандығының 4-курс студенті Ұзақбаев Нұржан танылды.

Ұйымдастырушылық комитет, балуандар мен қатысушылар атынан біз университет басшылығына көрсетілген қолдау үшін алғыс білдіреміз.

«Самұрық» СР байланыс және ақпарат министрлігі


0
6843

пікірлер

пікір қалдыру үшін.