Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған көптілділік сауалнама есебі

ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған көптілділік сауалнама есебі

05 Желтоқсан 2016

29.11.2016 ж.  Шет тілдер кафедрасы  ҚР Тұңғыш Президенті  Күніне орай  сауалнама  өткізілді. Сауалнамаға  2011,2012 ЖМ 2 - курс студенттері қатысты. Сауалнама мемлекеттіміздің әнұранымыздан,Бірінші Президент Н.Ә. Назарбаев  туралы бейне жазудан басталды. Сауалнама сұрақтары Қазақстан Президентінің саяси қызметіне, ҚР Тәуелсіз мемлекеттің құрылуына, мемлекеттің негізі заңы-Конституцияға байланысты болды.

Студенттер сауалнама барысында жақсы білім көрсетті. Ең белсенді студенттер Тілеген Ділда, Құранбеков Сабыржан, Әмірғали Сұлтан және басқалар. Әділқазылар мүшелері С.К. Медиева,  Р.С. Жаликенова, шет тілдер кафедрасының  аға оқытушылары сауалнама нәтижелерін қорытындылап, студенттерге  сыйлықтар берілді.


0
6535

пікірлер

пікір қалдыру үшін.