Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы

02 Желтоқсан 2016

2015 жылдың 16 қарашасында бекітілген №405-V (өз күшіне 2016 жылдың 16 наурызында енді) Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырылу туралы» заңына сәйкес 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (әрі қарай – МӘМС) енгізу қолға алынды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі – бұл халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мүдделердің әлеуметтік қорғанысының мемлекеттік жүйесі.

МӘМС жүйеге қатысушыларға уақытылы, қол жетімді, сапалы медициналық және дәрілік көмек көрсетуді қамтамасыздандырады.

2016 жылдың 21 мен 25-ші қарашасы аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің үйретушілері Г.С. Жұмабековамен және Е.Б. Искаковпен Қостанай облысының медициналық мекемелерінің дәрігерлеріне (53 адам) және басшыларына (116 адам) – денсаулық сақтау мекемелерінің дәрігерлеріне, орынбасарларына, бөлімше меңгерушілеріне, аға мейіргерлерге және қаржылық – экономикалық бөлім жұмыскерлеріне  Қазақстан Республикасында МӘМС енгізу бойынша семинарлар өткізілді. Барлығы 169 адам оқытылды.

Сабақтар қараша айының 21 мен 23 аралығында медициналық ұйымдардың басшыларымен, 24 және 25 аралығында дәрігерлермен өткізілді. Семинарлар дәрістерді, ауызша сұрау тәжірибелік сабақтарын, тестілеуді және кері байланысты қамтыды. 

Оқыту семинары жайлы және ынтымақтастық жағдайда өткізілді. Кері байланыс нәтижесінде тыңдаушылар ақпараттың қолжетімді, қойылған сұрақтарға толық қанды жауап берілгендігін белгілеп өтті.

  Үздіксіз кәсіби дамыту факультетінің деканаты

№2 Жедел және кідіріссіз медициналық көмек кафедрасы

№3 жалпы дәрігерлік тәжірибе және мейірбикелік іс кафедрасы


0
6162

пікірлер

пікір қалдыру үшін.