Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ұлттық Денсаулық сақтау Палатасының өкілдерімен дөңгелек үстел.

Ұлттық Денсаулық сақтау Палатасының өкілдерімен дөңгелек үстел.

30 Қараша 2016

2016 жылдың 25 қарашасында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде «Заманауи денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы Ұлттық Денсаулық сақтау Палатасы мен қоғамдық ұйымдардың бірлескен ролі. Медициналық қызметкерлердің құқығын қорғау мен кәсіби жауапкершілігіне кепілдік беру институтын қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел форматындағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық Денсаулық сақтау Палатасының төрағасы Даулетхан Серғазыұлы Есімов, Қазақстан Республикасы Ұлттық Денсаулық сақтау Палатасы төрағасының орынбасары Алмагуль Амангелдіқызы  Қауышева, Қарағанды облысы бойынша Ұлттық Денсаулық сақтау Палатасы филиалының директоры, Қарағанды облысы медициналық ұйымдарының өкілдері, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы  қатысты.

Бұл шараның басты мақсаты - Ұлттық Денсаулық сақтау Палатасының құрылымы және міндеттерімен, жоспары мен миссиясымен танысу. Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекетпен өзара әрекеті, басты мақсаты 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» атты денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру болып табылатын – денсаулық сақтаудың әлеуметтік-бағытталған ұлттық жүйесін қалыптастыру .

Дөңгелек үстел отырысында Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 16 қарашадағы №405-V «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру сұрақтары талқыланды. Бұл заң денсаулық қорғауда азаматтардың конституциялық құқығын іске асыру мақсатында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.


0
6606

пікірлер

пікір қалдыру үшін.